jasqazaq.kz

Оралда нөсер жауыннан кейін 7 тұрғын үйге су кірді (Видео)

04 маусым 2021, 13:48

Оралда нөсер жауыннан кейін 7 жеке тұрғын үйге су кірді.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 3 маусым күнгі сағат 21.00-ден бүгін таңғы сағат 07.00-ге дейін оған қоса 40-тан астам тұрғын үйдің аула аумағын, 7 әлеуметтік нысанның жертөлесін су алды. Бүгін сағат 09.00-ге дейін ТЖ департаменті және жергілікті атқарушы органның күшімен 2045 текше метр су сорылды. 125 қызметкер 45 техника, 17 мотопомпамен жұмыс жасауда. Бүгін сағат 02.00-де «Батыс су арнасы» ЖШС №3 кәріз-сорғы стансасында апатты жағдай орын алып, сағат 03.00-ден бастап Орал қаласында салқын су беру тоқтатылды. Аталмыш мекеменің бригадасы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын атқарып, қазіргі кезде су берілді. Сонымен қатар кеше кештен бастап жауған жаңбырдың салдарынан қаланың біраз бөлігі электр жарығынсыз қалды. «Бүгін де «Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, шаңды дауыл көтеріледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. Қалыптасқан жағдайға байланысты БҚО ТЖ департаментінде жедел штаб құрылды. Шұғыл көмек күткен тұрғындардың 8-711-2-55-40- 88 телефонына қоңырау шалуына болады», деп хабарлады ведомстводан.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде