jasqazaq.kz

Оралда нан қымбаттады

04 қараша 2019, 17:45

Орал қаласында нан бағасы қымбаттады. 

Қазіргі кезде қала дүкендерінде жоғары сұрыпты нан бөлкесінің бағасы 119 теңгеге жетті. Бөлкенің 19 теңгеге қымбаттауы астық бағасының жоғарылауына байланысты болып отыр. Орал қаласы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нан бағасы өзгеріссіз қалды. Мұндай бөлкенің бағасы – 80 теңге. Бірінші сұрыпты нан ҚР Үкіметі 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне енгізілген. Мемлекет ҚР Кәсіпкерлік кодексі 116-бабы 3-бөлігі 1-тармақшасына сәйкес осы тізімге енгізілген 19 тағам түрінің бағасын реттейді. Сондықтан бірінші сұрыпты нан бағасының көтерілуі күтіліп отырған жоқ. Жоғары сұрыпты нан бағасы облыс орталығынан шалғай орналасқан аудандардың бірі – Бөкей ордасында да өсті. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, мұнда ақ нанның құны бұрын — 140 теңге болса, қазіргі таңда — 160 теңге, кей дүкендерде — 170 теңгеден сатылуда.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық