jasqazaq.kz

Оралда мұғалім есірткі сатты деген күдікпен қолға түсті

26 наурыз 2018, 11:59


Оралда № 3 орта мектепте бастауыш сыныптарына дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін мұғалім есірткі таратты деген күдікпен ұсталды. 

Tengrinews.kz хабарлағандай, оқиға 23 наурызда болды. БҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Андрей Хлевиннің айтуынша, мұғалімнен 5,04 грамм марихуана тәркіленген. «23 наурызда № 3 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне қатысты есірткі сатып алу операциясы жүргізілді. 5,04 грамм марихуана сатып алынды. Ол өз үйінде ұсталды», — деп түсіндірді Андрей Хлевин. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігі («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») бойынша іс қозғалды. Орал қалалық білім бөліміндегілер мұғалімнің ұсталғанын растады, алайда пікір білдіруден бас тартты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде