jasqazaq.kz

Оралда мектепте оқушылар газдың иісінен зардап шекті

04 қазан 2018, 18:10

Оралдағы №40 мектепте газдың иісінен бірнеше оқушы жедел жәрдемге жүгінді.
ҚазАқпарат жазғандай, аталмыш мектеп директоры Мақсот Ғалиевтің айтуынша, оқиға сағат 11.05-11.25 аралығындағы үлкен үзіліс кезінде орын алды. Ғимараттың үшінші қабатынан газдың иісі сезіліп, оқиға орнына ішкі істер, ТЖ қызметкерлері, жедел жәрдем шақырылды. Мектептен бірінші ауысымда оқитын балалар мен мұғалімдер, шамамен 300-дей адам шығарылды. «Жедел жәрдем алып кеткен үш оқушының қасында мұғалімі бар. Олардан талдау сынамалары алынып, тиісті қызмет көрсетілуде», — деді М.Ғалиев. Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы Жансұлу Төремұратова қазіргі кезде жағдайдың қалыпқа түскенін, екінші ауысымдағы оқушылардың білім алып жатқанын жеткізді. Оқыс оқиғаның неден болғанын полиция анықтайтын болады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова жедел жәрдемге жүгінгендерге қатысты нақты ақпараттың кейін берілетінін айтты.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді