jasqazaq.kz

Оралда мектепте кварцтан оқушылардың көздері зақымданды

06 қыркүйек 2021, 12:30

Оралда мектепте кварцтан оқушылардың көздері зақымданды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың мәлім еткеніндей, оқиға 4 қыркүйек күні №3 орта мектепте болды.

«Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 8 оқушы жүгінген. Сондай-ақ 2 балаға емхананың жедел жәрдем көлігі шақырылған. Барлығы 10 баланың көзіне зақым келген. Бәріне мединалық жәрдем көрсетіліп, амбулаторлық ем алуға жолданды. Оларға электрооофтольмия диагнозы немесе көздің қасаң қабығының жеңіл дәрежедегі күйігі деген диагноз қойылды», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, аталған мектепте 3 қыркүйек күні бақылаудың болмауына байланысты 2-ауысымда оқитын 7-сынып оқушылары үзіліс кезінде бактериацидтік шамды рұқсатсыз қосып, зақым алған.

«4 қыркүйек күні оқушылар көздерінің ауыруына байланысты шағымданған. Барлық бала дәрігерлік тексеруден өтті. Жағдайлары қалыпты, үйлерінде. Осы оқиғаға байланысты барлық білім беру мекемелеріне қауіпсіздік шараларын қатаң бақылауға алу тапсырылды», деп хабарлады білім басқармасының баспасөз қызметі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі ата-аналар тарапынан шағым түспегендігін жеткізді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия