jasqazaq.kz

Оралда көшеде пышақпен жүрген ер адам ұсталды

10 шiлде 2018, 14:42

Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері пышақпен жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, құрамында қатардағы жауынгерлер Ақжан Тұматаев, Ақылбек Сәрсенбаев, Анатолий Фау бар топ қала көшесінен күдікті ер адамды байқайды. Топ басшысы А.Тұматаев Ұлттық ұлан жауынгерлерін көрген бойда бағытын өзгертіп, сытылып кетпекші болған адамның құжаттарын тексеру жөнінде шешім қабылдады. Ақыры күдіктіні ұстап, куәлердің қатысуымен тексерген кезде одан пышақ табылды. Ер адам одан әрі анықтау үшін Орал қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Қырағылықтары мен батыл қимылдары үшін аталған жауынгерлер 5517-әскери бөлім командирімен ынталандырылды.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді