jasqazaq.kz

Оралда коронавируспен ауырған қызметкер барлық мекемелерді аралап шыққан (видео)

27 мамыр 2020, 22:05

Оралдағы балабақшаларға коронавирус тексерушілерден келуі мүмкін. Өңірдің бас санитар дәрігері жақында мектепке дейінгі мекемелердің санитарлық жағдайын бақылаған білім бөлімінің бір қызметкері COVID-19 вирусын тасымалдаушы болғанын хабарлады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Мұхамғали Арыспаев, БҚО бас санитар дәрігері:

— Бізде балабақшалар мен кезекші топтарды қадағалайтын мобильді топ бар. Сол топтағы білім беру бөлімінің бір қызметкерінен қауіпті дерт анықталды. Ол науқастанып жүріп, қаладағы барлық мекемелерді аралап шыққан.

Карантиндік шектеулерден кейін көптен күткен балабақшалар ашылған. Санитарлық дәрігер 15 баладан тұратын кезекші топ ашуға рұқсат етіпті. Соның өзінде қызметкерлерге сақтық шараларын күшейтуге талап қойған. Сол шараларды пысықтау үшін тіпті арнайы мобильдік топ балабақшаларды аралап шығады. Үш күн өтпей, мектепке дейінгі мекемелерді қайта жабуға тура келіпті. Себебі, балабақшаның екі қызметкерінен вирус анықталған. Енді Орал қаласындағы барлық балабақша қызметкерлері арнайы тест тапсырмайынша, мекеме ашылмайды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия