jasqazaq.kz

Оралда кондуктор автобус жолаушысымен төбелесті (видео)

20 қантар 2020, 17:17

Оралда кондуктор автобус жолаушысымен төбелесті.Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Әлеуметтік желіде 19 қаңтарда № 22 бағытында жүретін қоғамдық көліктің салонында түсірілген видео тарап жатыр. Онда кондуктор жолаушыны бірнеше рет соққының астына алып, жұлқылайды.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері оқиғаның 19 қаңтарда кешкі сағат беске таман болғанын айтады.

«Біз кондуктор мен жүргізушіден түсініктеме алдық. Олар жолаушының автобусты белгіленбеген жерде тоқтатуды талап еткенін атап өтті. Тексеру шаралары жүріп жатыр», — деді бөлімнің сектор меңгерушісі Алмаз Ахошев.

Бұл бағытта «Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС қызмет көрсетеді. Компания өкілдері жүргізуші мен кондукторға сөгіс жариялағанын айтты. Осы оқиғаға байланысты полицияға арыз түспеген.

https://www.instagram.com/p/B7iblMBH7Qj/?utm_source=ig_web_copy_link

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия