
Оралда командирін атып өлтірген полицей сотталды. Оралда Серік Гарифқа қатысты сот үкімі шықты.
Мамандандырылған күзет қызметінің бұрынғы қызметкері 24 жастағы Серік Гарифқа Ақжайық аудандық ІІБ ғимаратында полиция ішкі күзет батальонының инспекторы командирі Рүстем Рақышевті атып өлтіргені бойынша кінәлі деп танылды. Жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсі толық дәлелденгенін мәлімдеді. Серік Гариф өзінің кінәсін мойындады. Прокурорлар сотталушыға 13 жыл бас бостандығынан айыруды және жазасын барынша қауіпсіз қылмыстық-түзеу жүйесі мекемесінде өтеуін сұрады. Сондай-ақ, прокурор соттан жәбірленушілердің материалдық өтемақы ретінде 3 миллион теңге және моральдық залал 10 миллион теңге өндіру туралы талап-арызын қанағаттандыруды сұрады. Бұрынғы полицей өзінің соңғы сөзінде осы іске барғанына өкінетінін мәлімдеді. «Мен барлығының өмірін тас-талқан еттім. Өтінемін, кешіріңіздер», — деді ол. БҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы үкімді оқыды. «Сот үкімімен Серік Гариф ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 13 жыл бас бостандығынан айырылаы және жазасын барынша қауіпсіз қылмыстық-түзеу жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Сонымен қатар, ол жәбірленуші тарапқа материалдық өтемақы ретінде 2,7 миллион теңге және 44,5 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге мінедеттеледі. Сонымен қатар, сот Серік Гарифті сержант шенінен айыру үкімі шығарылды.
Дереккөз: tengrinews.kz