jasqazaq.kz

Оралда көліктер суда жүзіп жүр

13 наурыз 2019, 10:13

Оралда жүргізушілер көлікпен жүзу маусымын бастады! Күннің жылып, қардың лезде еруі салдарынан қаладағы көшелерді жаппай су басып қалды. Көктем келсе болғаны, көлде жүзетін көлік иелері бұл жолы да қардың дер кезінде тазаланбағанына ашуланып, коммуналдық қызметтерді жерден алып, жерге салды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Оралда биыл қар мөлшерден көп түскен. Күннің жылынуы сол екен оның бәрі қызыл суға айналды. Салдарынан көліктер көшемен жүріп емес, жүзіп жүр. Ал қар тазалағыш техникасын дер кезінде шығармаған коммуналдық қызметтер су сорғыш көліктерімен көк тер боп жүр. Суды күндіз-түні сорып жатқандарына қарамастан, барлығын тазартып үлгермей жатыр. Қазгидромет күннің жылынатынын бір жеті бұрын ескерткен екен. Алдағы күндері сынап бағанасы тағы да жоғарылап, еріген қар суына жауын-шашын қосылмақшы.

Дәурен Есжанов, Метеоболжам бөлімінің бастығы:

— Оңтүстік Каспий циклоны үлкен мөлшерде жауын-шашын алып келеді. Температура түнде 0-2 градусқа дейін аяз болса, күндіз 0+2 градусқа дейін жылылық күтіліп отыр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда