jasqazaq.kz

Оралда қызды зорлаған таксист пен оның танысы 8 жылға сотталды 

26 мамыр 2022, 16:11

Оралда жолаушы қызды зорлаған такси жүргізушісі мен оның танысы сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орал қалалық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Қ. және П. ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігіне сәйкес (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған зорлау) айыпты деп танылды. Олардың әрқайсысы 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды. Сотта анықталғанындай, оқиға өткен жылы 8 тамызға қараған түні болды.

«Индрайвер» қосымшасы бойынша такси шақырған 26 жастағы студент қызға келген автокөлікте жүргізушімен бірге жолаушы болған. Жүргізуші жолшыбай автокөлік есігін бекітіп тастап, қызды қала сыртына алып шығып, кезектесіп зорлаған. Сосын құс фабрикасы ауданындағы үйге әкеліп, зорлауды жалғастырған. Таңмен жүргізуші қызды жалдап тұратын пәтеріне әкеліп тастаған. Кейін қыз полицияға жүгініп, 24 тамызда күдіктілер ұсталды. Олар Орал қаласының 31 және 29 жастағы тұрғындары болып шықты. Екеуі де үйленген, балалары бар. Айыпталушылардың кінәлары жәбірленушінің, куәгерлердің сотқа берген жауаптарымен, оқиға орнын қарау кезіндегі хаттамамен, сараптама қорытындыларымен дәлелденді. Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр