
Батыс Қазақстан облысының полицейлері 5 жастағы баланың өмірін құтқарды.
Орал қаласында 8 желтоқсан сағат 11:15-де «102» операторына Достық-Дружба даңғылы бойындағы № 244 үйдің ауласында белгісіз екі адам төбелесіп қалғаны жайлы хабар келіп түскен. Бұл туралы ibirzha.kz хабарлады.
Полиция келгенде аулада ешкім болмаған, бірақ жанжалдың даусын есітеді. Полицейлер дереу дауыс шыққан жаққа қарай жүгіреді. Жеткенде 5 жастағы баланы кепілге ұстап отырған адамды көреді. Қылмыскер баланың анасын шақыруды талап етеді.
Полицейлер онымен келіссөз жүргізуге кіріседі. Құқық қорғау қызметкерлері кәсіби іс әрекетінің арқасында баланы босатып алады. Ал қылмыскер ұсталды. Ол баланың анасымен бірге тұрған екен.
Ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.