jasqazaq.kz

Оралда қараусыз қалған екі бүлдіршін табылды

06 маусым 2019, 12:27


Оралда көшеде қараусыз жүрген екі бала табылды, деп хабарлайды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 10.00 шамасында Н.Савичев пен 8 наурыз көшелерінің қиылысында орын алған. Ересектердің қарауынсыз жол шетінде ойнап жүрген балалар жөнінде тұрғындар полицияға хабарлаған. Полиция қызметкерлері балаларды Абай полиция бөліміне алып келді. Алайда, бүлдіршіндер сөйлемейді, олардың қайда тұратынын білу мүмкін емес. Біреуінің қолында үйдің кілті жүр. «Қазіргі кезде балалардың ата-анасы іздестіріліп жатыр. Кезекші топ балалар табылған аумаққа жіберілді. Олар сол маңдағы үйлерді аралап, сұрастырады. 102 телефонында отыратын операторларға да ескертілді. Балаларға жедел жәрдем шақыртылды. Дәрігерлер қарағаннан кейін оларды тамақтандырып, күту үшін уақытша балалар үйінің біріне жіберіледі», деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне департаменттің баспасөз қызметінен. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда есін жоғалтып алған жасөспірім табылған болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде