jasqazaq.kz

Оралда қалалық парк жабылды

04 маусым 2020, 10:47

4 маусымда Оралда кәсіпкерлер мен тұрғындар санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін қалалық мәдениет және демалыс паркі жабылды.

31 мамырда Орал әкімі Абат Шыныбеков және қаланың бас санитар дәрігері Мәдениет Танауов паркті жалға алушылармен кездескен. Сол кезде карантин режимін және санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтау керегі түсіндірілген. Кәсіпкерлер өздері талаптарды орындайтыны және клиенттерден де талап ететінін айтып, сендірген.

Әкімдіктегілердің айтуынша, мониторинг тобы рейд жасаған кезде паркте бірнеше ережебұзушылық анықталған. Қорғану шараларын кәсіпкерлер де, клиенттері де сақтамаған. Сауда орындарында дезинфекция жүйелі түрде жасалмаған. Бұл ақпаратты топ фото және видеоға түсірген дәлелдерімен растап отыр.

«Сондықтан азаматтардың қауіпсіздігі және оларды қорғау үшін тұрғындарға паркке келуге тыйым салынды. Коронавирусты жаппай жұқтырмауы үшін парк жабылды. Ережебұзушылықтар жойылған жағдайда шешім қайта қаралады», — деп мәлімдеді Орал әкімдігіндегілер.

Tengrinews.kz

Бүгін, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді