jasqazaq.kz

Оралда кәсіпкерді отбасымен бірге қырып кетті

04 қыркүйек 2020, 12:09

Қазіргі уақытта полицейлер қылмыстың мән-жайын анықтап, күдіктілер Ресейде жасырынуы мүмкін деген болжам жасап отыр.

Оралда үш бірдей адамды өлтіргендер Ресейде жасырынуы мүмкін.

Отбасымен бірге өлтірілген оралдық кәсіпкердің өліміне қатысты тергеу сегіз ай жүргізіліп жатыр. Күдіктілер әлі де ұсталған жоқ, деп хабарлайды  «Астана» телеарнасы.

«Қылмыскерлер полиция оқиға орнына келгенше ізін суытты. Қылмыс болған жерде іздер қалған, айғақ заттар табылды. Саусақ іздері де тексерілді», — деді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы Николай Колоницкий.

Қазіргі уақытта полицейлер қылмыстың мән-жайын анықтап, күдіктілер Ресейде жасырынуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Күдіктілер туралы ақпарат көрші өңірлерге жіберілді.

Запрометовтар отбасының мүшелері 2020 жылдың 14 қаңтарында Янайкино ауылында өлтірілді. Өрт сөндірушілер жеке үйдегі жалынды ауыздықтаған кезде үш мәйіт тапты. 66 жастағы кәсіпкер Александр Запрометов, әйелі және 42 жастағы ұлының денесінде бірнеше пышақ жарақаты болды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде