jasqazaq.kz

Оралда ер адамды тірідей жерге көміп кеткен

10 шiлде 2019, 18:23

Қайғылы жағдай Оралдағы Құс фабрикасы ауданындағы саяжайда орын алған. Эксковатор жүргізушісі қазу кезінде жұмысшының біреуін кездейсоқ жер астына көміп кеткен. Жұмысшының мүрдесі шұңқырдан тек екі күннен кейін туыстарының іздестіруінен соң ғана табылған деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі uralskweek.kz порталына сілтеме жасап.

65 жастағы саяжайдың тұрғынын туыстары 6 маусым күні жұмыстан келмеген соң іздей бастаған. Ол сол күні эксковатор жүргізушісіне шұңқырды қазуға көмектескен екен.

«Жұмыстан кейін оны іздей бастаған. Әйелінің айтуынша, ол ешуақытта алкогольдік ішімдік ішкен емес екен. Жұмысшыны полиция екі күн бойы іздеген. Еш жерден таппаған соң, қазған аймақты ашып қараған. Сөйтсе ол сол шұңқырда көміліп қалыпты», – дейді саяжай тұрғыны Асхат Баетов.

Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастап кетті. «Абайсызда өлімге әкеп соқтыру» бабы бойынша іс қозғалды.

Ал тұрғындар қазу кезінде көз жұмған жұмысшының өліміне саяжай төрағасын кінәлауда.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда