jasqazaq.kz

Оралда емханалар карантинге жабылды

25 мамыр 2020, 15:37

Орал қаласында 4 емхана карантинге жабылды.

БҚО бас дәрігерінің қаулысы бойынша, қалада 4 емхана карантинге жабылды. Қазіргі таңда мұнда дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өкілінің хабарына қарағанда, Оралда №2, 3, 4, 5 емхана жабылған.

«Медициналық мекемелердің қызметкерлерінен коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың арасында тіркеу бөлімінің қызметкерлері бар. Қазіргі таңда олармен байланыста болғандардан COVID-19 вирусына талдау алынды. Олар жұмыс істеп жатыр», — дейді ведомство басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы қаладағы 6 емхананың екеуі қалыпты жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Жабылған емханалар шұғыл түрде науқастарды қабылдайды, әрі қашықтан жұмыс істейді. Коронавирусқа сараптама нәтижелері шыққан соң оларды ашу бойынша тиісті шешім қабылданады, — дейді облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Ерлан Тоқсанов.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 28 дерегі тіркелді. Өңірде жалпы COVID-19 вирусын 414 адам жұқтырған, 226 науқас айықты.

БҚО-да карантин режимі 15 маусымға дейін ұзартылды.

Tengrinews.kz

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық