jasqazaq.kz

Оралда егде жастағы әйел автобустан валидатор ұрлап кеткен (Видео)

01 шiлде 2022, 16:47

Оралда егде жастағы әйел автобустан валидатор ұрлап кеткен. Автопарк әкімшілігі одан техниканы қайтарып беруін сұрайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Аталған оқиға 29 маусым күні сағат 14:30 шамасында No22 «Медициналық колледж» бағытының аялдамасында болған.

«Батыс Қазақстан» автобус паркі бас директорының орынбасары Данияр Мұхтаровтың айтуынша, кондуктор төлем жасауға арналған валидаторды жолаушылар орындығының үстіне қалдырып кеткен. Оны көрген жолаушы сол орындыққа ауысып, пакеті мен сөмкесін үстінен жауып, валидаторды алып кеткен. Ұрлық болған сәт автобус салонындағы бақылау камерасына түсіп қалған.

«Әйелдің егде жаста екені көрініп тұр, тіпті осыны айтудың өзі ыңғайсыз екен. Бірақ біз оның валидаторды қайтаруын өтініп сұраймыз, әйтпеген жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуға мәжбүр боламыз. Әйел оны автопарктің кез келген жүргізушісі немесе кондукторы арқылы бере алады. Ол телефон немесе планшет емес, валидатор. Оны пайдаланып кете алмайды, өйткені тек жол жүру ақысын төлеуге арналған. Мүмкін, ол кісі телефон деп ойлап алып кеткен шығар», – дейді Данияр Мұхтаров.

Егер валидатор табылмаған жағдайда, келтірілген шығынды №22 маршруттың кондукторы өтейді. Айта кетсек, аталған техниканың құны – 160 мың теңге.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде