jasqazaq.kz

Оралда бұрынғы әйелін кепілге алған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

02 қараша 2020, 13:58

Оралда әйелін кепілге алған ер адамға қатысты сот үкімі шықты.

Үкімді БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды.

Сотталушы Ерлан Ислямғалиев үкімді тергеу изоляторынан тыңдады. Ол сотты құрметтемегені үшін залдан шығарылған. Сотталушы жәбірленушінің адвокатына аяқкиімін лақтырған.

Судья Шара Зайнуллина сотталушының жәбірленуші Ираида Ислямғалиеваны кепілге алғаны, сондай-ақ, оны бірнеше рет зорлағаны және азаптағаны үшін кінәлі деп танылғанын айтты.

«Ерлан Ислямғалиев қауіпсіздігі барынша жоғары ҚАЖ мекемесінде жазасын өтеумен 13 жылға бас бостандығынан айырылды», — деді судья.

Сондай-ақ, сотталушы жәбірленуші мен оның ұлының пайдасына материалдық және моральдық шығын ретінде 10,5 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия