jasqazaq.kz

Оралда бір-бірімен төбелескен діншілдерден қару табылды (Видео)

21 қыркүйек 2021, 13:46

Оралда бір-бірімен төбелесіп қалған діндарлардан, суық қару тәркіленді. Полиция дерегінше, қаланың қақ ортасында екі жігіт жанжал шығарған. Суыт дабыл ізімен оқиға орнына жеткен сақшылар оларды ұстады. Куәгерлердің айтуынша, сырт пішімі деструктивті діни ағым өкілдеріне ұқсайды. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

«Діншілдердің» не үшін дауласып, бір-бірімен неге жаға жыртысқаны әзірге белгісіз. Мұны енді тергеу амалдары анықтамақ. Бүгінде қаланың қақ ортасында қару асынып жүрген күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпараттарды құзырлылар жариялаудан бас тартты.

Мөлдір САДЫРҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

Тексерген кезде күдіктілердің бірінен тапаншаға ұқсайтын зат табылды. Сонымен қатар одан патрон салатын қорамсақ пен кобура да табылды. Енді осы дерек бойынша сараптама жасалады. Қазір ҚР ҚК 287 бабы 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия