jasqazaq.kz

Оралда бензин арзандады

08 сәуiр 2019, 16:21

Наурыздан бастап Оралдағы жанармай бекеттерінде АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасының 4-5 теңгеге түскенін байқауға болады. Бұл туралы «Мой ГОРОД» порталы хабарлады.

БҚО энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасындағы бөлім басшысы Бейімбет Мусиннің айтуынша, 2019 жылы наурыздың ортасынан бастап жанар-жағармай материалдарының бағасы түскен. «Орал Жан-Ойл» ЖШС компаниясының ЖМС желілерінде АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі 145 теңге болды, қазір ол 140 теңге тұрады. «Меркурий» ЖШС жанар-жағармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин 145, қазір 139 теңгеге дейін төмендеді. Басқа да жанармай құю бекеттерінде осындай жағдай. АИ-92 маркалы бензиннің ең жоғарғы бағасы — 148 теңге, ең төменгі бағасы-139 теңге. Бағаның төмендеуі зауыттардағы шығарылатын бензиннің профицитімен байланысты. Облыс ішкі нарығының АИ-92 және АИ-93 маркалы бензині АМӨЗ және «Конденсат» АҚ өндірісі есебінен қамтамасыз етіледі. 7 сәуірдегі жағдай бойынша АИ 92 жиынтық қоры — 6 мың тонна. Сонымен қатар, облыстың аудандарындағы АҚҚ желісі бар «Алау» ЖШС сұйытылған газдың бөлшек бағасын 81 теңгеден 1 литріне 78 теңгеге дейін төмендеді, — деді Бейімбет Мусин. Айта кетейік, 2018 жылы АИ-92 маркалы бензиннің литрі 160 теңгеден сатылды. Бөлім басшысының айтуынша, қазіргі уақытта облыстың мұнай базаларында отын көлемі жеткілікті екен. «Жалпы нарықтағы жағдай тұрақты. Жанар-жағармай стансаларында тапшылық пен кезек жоқ, — деп қорытындылады Бейімбет Мусин.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда