jasqazaq.kz

Оралда белгісіз біреулер зейнеткерді пышақтап кеткен

11 наурыз 2022, 14:40

Оралда белгісіз біреулер 72 жастағы әйелді өлтірді. Зейнеткердің денесі өз үйінде көптеген пышақ жарақаттарымен табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қанды қылмыс туралы Желі қолданушылары хабарлады. Мессенджерлерде зейнеткерді өлтіру туралы аудиохабарламалар таратыла бастады. Әйелдің үйде жалғыз болғаны атап өтілген.

Полиция қылмыскерлерді табуға бар күшін салғанын жеткізіп, оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

«9 наурызда сағат 18:30-да Зачаганск кентінің жеке секторындағы үйлердің бірінен 1950 жылғы әйелдің мәйіті табылды. Қылмыскерлер қайтыс болған зейнеткердің мойын тұсын бірнеше рет пышақтаған. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. БҚО Полиция департаментінің барлық жеке құрамы аса ауыр қылмыстың артында кім тұрғанын анықтау үшін бар күш-жігерін салады. Қазірдің өзінде қылмысқа қатысы бар адамдардың тізімі пысықталуда. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды», — деді БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Сұлтан Шалдарбеков.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр