jasqazaq.kz

Оралда белгілі кәсіпкерді біреулер өлтіріп кетті

07 тамыз 2022, 11:11

Оралда бірнеше дәмхана мен мейрамхананың иесі болған белгілі кәсіпкер қаза тапты, — деп хабарлайды «Мой ГОРОД».

Қайғылы оқиға 6 тамызда сағат 20.00 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қалалық саябақ пен П. Атоян атындағы стадионның автотұрағында 49 жастағы ер адамды біреулер бірнеше жерден пышақтап кеткен. Ол жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Күдікті анықталды, бірақ әлі ұсталған жоқ.

«Бүгін сағат 20:00 шамасында стадионға кіреберістің алдында көптеген пышақ жарақаты бар кәсіпкердің мәйіті табылды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына («Адам өлтіру») сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ауыр қылмыс жасады деген күдіктінің аты-жөні анықталды, дәлірек айтсақ, бір адам анықталды. Қылмыстың куәгерлерін анықтау шаралары, күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр», — деді Абай полиция бөлімінің бастығы Самат Аисов.

Оқиғаның басқа мән-жайы айтылмаған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде