jasqazaq.kz

Оралда басқарудың нәтижелі цифрлық шешімдерін енгізу әдістерін талқылады

28 қараша 2018, 17:24

28-29 қараша Орал қаласының Оқушылар сарайында «QDigitalInform» семинары өтуде. Семинарды қазақ тілді БАҚ-ты ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар қоры ұйымдастырды. Шара қатысушыларын цифрландыру үрдісінің негізгі көріністерімен «ҰАТ» АҚ Батыс Қазақстан облыстық технологиялар орталығы ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу басқармасының бас маманы Алтынай Дәулетова таныстырды.

«Цифрлық технологиялар басқару үдерісін барлық деңгейде оңтайландырып, қателіктер қаупі мен біреудің жеке мүдделігіне қатысты жасырын шешімдерді азайтады. Блокчейн технологиясы тауар және қаржы ағындарын, логистиканы, мемлекеттік институттардың жұмысын бақылаумен қатар, бизнес пен мемлекетті басқару саласында заманауи нәтижелі шешімдерін енгізуге ықпал етеді. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында айтылғандарды интернет пен әлеуметтік желілерде ілгерілету, сонымен қатар осындай көшпелі семинарлар өткізу арқылы цифрландыру үрдісінің негізгі көріністеріне көпшіліктің назарын аудартуға болады», — дейді ұйымдастырушылар.

Семинар жұмысына сала мамандары, студенттер, IT саласының қызметкерлері мен ЖОО оқытушылары қатысты. Жобаның серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Анықтама үшін:

«QDigitalInform» — қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарын ілгерілету және «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу бойынша ерекше жоба. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі: 2018 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін. Жобаға еліміздің 7 өңірінен 2000-нан астам жас (IT мамандықтарының студенттері мен ұстаздары, мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері) қатысады.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді