
Оралда қардың жиналып қалуына байланысты балабақшаның төбесі құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 12 ақпан күні сағат 08.20-да болған. Т.Масин көшесі 44-мекенжайында орналасқан №19 «Золотой петушок» балабақша-яслиі шатырының бір бөлігі опырылған. Оның көлемі — 35 шаршы метр. Төбенің жалпы алаңы — 500 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына ТЖ департаментінен 3 қызметкер бір техникамен барды. Сондай-ақ, Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және білім беру бөлімдерінің өкілдері болды. Биыл облыста қардың мол түскені белгілі. Сондықтан ТЖ департаменті әлеуметтік мекемелер, мектептер мен балабақшалар басшыларына төбелерді қардан уақтылы тазартуға кеңес беріп отыр.