
Оралда қатты аязға байланысты бастауыш сыныптарда сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ауа температурасы 25 градус аязды көрсетті. Осыған байланысты 1-4 сыныптарда сабақ болмайды. БҚО ТЖ департаменті осыған орай тұрғындарға хабарлама жіберді.