jasqazaq.kz

Оралда автомобильдерге қауіпсіздік хаттамаларын заңсыз беру дерегі ашылды

30 қыркүйек 2021, 16:53

Өткен жылдың өзінде Қазақстанда 13 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Апаттардың негізгі себептерінің бірі техникалық тексеру кезінде анықталуы тиіс автомобильдің ақаулығы болып табылады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМА Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, заңсыз ақшалай сыйақы үшін жалған мәліметтері бар автокөлікті техникалық тексеру туралы сертификаттар мен хаттамалар беру деректері де орын алуда.

Мысалы, Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті көлік құралдарына оң қауіпсіздік хаттамаларын беруге көмектескені үшін материалдық сыйақы алу дерегінің жолын кесті.

«Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша бөлімшесінің қызметкері А.Гавришев 120 мың теңгеге автокөліктерге ҚР ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келмейтін қауіпсіздік хаттамаларын берген. Осылайша, жүргізушілерге де, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндірген.

А.Гавришев ҚК-нің 247-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия