jasqazaq.kz

Оралда әскери сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

16 маусым 2021, 15:12

Оралда әскери борышын өтеп жатқан сарбазға оқ тиіп, салдарынан көз жұмды. Оқиға бүгін таңғы сағат 5:30 шамасында болған. Бозбала жедел облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады, деп хабарлайды Хабар-24.

Әскери бөлім басшылығының мәлімдеуінше, жауынгер өз-өзіне қол жұмсаған. Ол сол түні түзету мекемесінде күзетте болған. Марқұм – Ақтөбе өңірінің тумасы. Қазір оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жәнібек Сәрсенов, №5517 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

– Қарудан өз-өзін жаралады. Әскери қызметшіні аман алып қалу мүмкін болған жоқ. Қазіргі таңда әскери тергеу органдарымен тергеу жүргізіліп жатыр. Әзірге басқа ақпарат бере алмаймыз.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия