jasqazaq.kz

Оралда анасы 9 айлық қызын эскалатордан құлатып алды (Видео)

14 наурыз 2022, 10:39

Оралда дәрігерлер тоғыз айлық қыздың өмірі үшін арпалысып жатыр. Анасы қызын эскалатордан құлатып алған. Оқиға сауда орталығындағы бейне бақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz.

Кадрлардан әйелдің баласын ұстап, эскалатормен жоғарғы қабатқа көтеріліп келе жатқанын көруге болады. Бір сәтте бала анасының қолынан шығып кетіп, төменге құлап кеткен.

Әлеуметтік желі қолданушысы оқиғаның көз алдында болғанын жазды.

«Жүрегім әлі ауырып тұр. Баланың басы ісіп кеткен, жерде жатты. Төменгі қабатқа құлады. Тірі қалды деп үміттенемін және дұға етемін. Біреудің кішкентай ханшайымы ғой», – деп жазды желі қолданушысы.

Денсаулық сақтау басқармасында 13 наурызда Asia Mall сауда орталығынан хабар келіп түскенін мәлімдеді.

«Тоғыз айлық қыз эскалатордан құлап кетті. Зардап шеккен бала қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Оған жабық ми-бас сүйек жарақаты, ми шайқалуы, қан құйылу диагнозы қойылды. Жағдайы өте ауыр, қыз өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», – делінген денсаулық сақтау басқармасында.

БҚО полиция департаментінде баланы 35 жастағы әйелдің бірінші және екінші қабат аралығында құлатып алғанын айтты. Бұл дерек бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестрінде тіркелген. Тексеріс жүріп жатыр.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр