jasqazaq.kz

Оралда әкімдік қызметкері бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді (видео)

21 сәуiр 2021, 10:32

Оралда әкімдік қызметкері бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді Оралда әкімдік қызметкері тапа-тал түсте бұрынғы әйелін пышақтап тастады. Денесінің 18 жерінен пышақталған 30 жастағы келіншек ауруханада жан тапсырды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қылмыс жайында куәгерлер хабарлаған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенімен, жарақатының ауырлығынан тіл тартпай кетті. Күдіктінің қайда қашқанын да куәгерлер көрсеткен. Көп ұзамай полиция оны қаланың ортасынан ұстады. Көлігінен қан іздері мен қылмыс жасалған пышақ табылды. Ресми ақпарат бойынша күдікті осыдан екі күн бұрын әкімдіктен өз еркімен қызметтен кетіпті-міс. Ал әйелімен ажырасқан екен. Оған араларындағы жанжал мен еркектің қол жұмсауы себеп. Күйеуінің үстінен арыз да жазған көрінеді. Бірақ кейін оны қайтарып алыпты. Қылмысқа қызғаныш себеп болды деген болжам бар. Марқұмның артында екі баласы қалды.

Болатбек Белгібеков, БҚО ПД ресми өкілі:

— Күдікті жиырма минутта ізін суытпай ұсталды. 30 жастағы жәбірленуші ауыр жарақаттан ауруханада жан тапсырды. Тергеу амалдары басталды, күдікті тергеу абайқтысына қамалды.

 

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия