jasqazaq.kz

Оралда әйелін өлтірген тұрғын тоғыз жылға сотталды

15 қазан 2018, 17:06

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматтық некедегі әйелін өлтірген Марат Жұмағалиевке қатысты сот үкімін шығарды.

ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес (абайсызда жәбірленушінің өліміне соқтырған қасақана ауыр дене жарақатын салу) М.Жұмағалиев айыпты деп танылып, оған тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орта қылмыстық-атқару жүйесінде өтеу белгіленді. Аталмыш соттан түскен мәліметке қарағанда, қанды оқиға биылғы 12 шілде күні орын алды. Үйіне мас келген сотталушы азаматтық некедегі әйелі Мария Мурзинаны сондай күйде көрген. Соның салдарынан екеуі сөзге келіп, М.Жұмағалиев сегіз жасар қызын көшеге шығарып жіберген. Содан кейін асүйде Мурзинаның бетінен ұрған. Сосын үстелден ағаш оқтауды алып, басынан он рет ұрған. Қанды көргеннен кейін үйінен кетіп қалған. Жабық бас-ми жарақатын алған әйел біраздан соң оқиға орнында көз жұмған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді