jasqazaq.kz

Оралда 21 жастағы қызды жауыздықпен өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген күдіктінің соты басталды

26 қантар 2022, 10:50

Оралда 21 жастағы қызды жауыздықпен өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген күдіктінің соты басталды. Марқұмның туыстары сотталушыға ең ауыр жаза берілуін талап етіп отыр. Ал күдікті марқұмды түсінде жиі көріп, қиналып жүргенін айтып, туыстарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Астана арнасы.

21 жастағы Анастасия Чёрная былтыр 13 қыркүйекте жоғалып кеткен еді. Оның хабарсыз кеткеніне алаңдаған туыстары алдымен полицияға хабарласыпты. Кейін іздеу ісіне еріктілер де ат салысты. Бірақ Анастасияның өртеніп, күлге айналған мәйіті қала сыртындағы тоғайдан табылды. Марқұмның артында екі жасар қызы қалды. Ауыр қылмыс жасады деген айып тағылған 28 жастағы күдікті марқұммен сауда үйінде танысыпты. Тіпті мәрттік танытып, Настяға несие рәсімдеуге көмектескен. Бірақ қыз жігіттің жеке куәлігін өзінде қалдырыпты. Кейін күдікті оны оңаша жерге шақырып, кездеспек болған.

«Күдікті Анастасияны күшпен ұстап, қылғындырған. Қолымен жоғары көтеріп, басын бетон қабырғаға соққан. Осы ауыр соққыдан марқұм бірден есінен айрылып қалған, кейін көз жұмған», — деді Орал қаласы прокурорының аға көмекшісі Анастасия Семилиди.

Қылмысын жасырмақ болған күдікті мәйітті орманға апарып, бензин құйып өртеп жіберген. Мұндай айуандықпен жасалған қылмыс үшін ол ауыр жазалануы тиіс деп талап етіп отыр.

Ал күдіктінің туыстары соттың рақымшылық танытуын сұрайды. Өйткені оның да кішкентай қызы тірі жетім қалмақ.

Сотталушы кінәсін мойындады. Тіпті өзі өлтірген Анастасияны түсінде жиі көретінін де жасырмады. Туыстарынан кешірім сұрады. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 12 жылға дейін сотталуы мүмкін.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде