jasqazaq.kz

Оралда 20 жастағы полиция сержанты оқ жарақатынан қайтыс болды

03 желтоқсан 2021, 13:29

Оралда 20 жастағы полиция сержанты қаза тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады.

«3 желтоқсандв сағат 7:40 шамасында Орал полиция басқармасы ғимаратында жауынгерлік қаруды алғаннан кейін 20 жастағы полиция сержанты өз-өзіне қол жұмсады (бекітілген табельдік қарудан оқ атқан)», — деп хабарлады полициядан.

Қызметі барысында ол өзін жақсы жағынан көрсеткен, физикалық тұрғыдан дайы болған. Жұмыс кестесін сақтаған, жұмысқа кешікпеген.

«Бұл дерек 03.12.2021 жылы СДТБТ-де тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу басталды, бұл туралы қосымша хабарланатын болады. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы негізінде басқа ақпарат жария етілмейді (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды. Олар тек прокурордың рұқсатымен ғана жария етілуі мүмкін, егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келсе және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса)», — деп толықтырды БҚО ПД баспасөз қызметі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде