jasqazaq.kz

Оралда 15 жастағы қыз тұрмысқа шықты: анасы шағым жазудан бас тартты

14 қараша 2020, 12:19

29 жастағы ер адаммен заңсыз некеге тұрған 15 жастағы қыздың анасы сот сараптамасынан бас тартты, — деп хабарлайды АstanaTV.

16 қыркүйекте тіркелген оқиғаның анық-қанығын тәртіп сақшылары кеше ашып айтты. Келтірілген деректерге қарағанда, 15 жастағы мектеп оқушысы қыркүйектің ортасында із-түссіз жоғалып кеткен. Іздеу салып шешесі полицияға арызданыпты. Ақыры тәртіп сақшылары, кәмелеттік жасқа толмаған қыздың 29 жастағы жігітке күйуге тиіп кеткенін анықтаған.

Дерек бойынша, «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болды», деген айыппен іс қозғалған. Алайда, ол тоқтап қалуы мүмкін. Өйткені, қыздың анасы арызды қайтып алған.

«15 жастағы қыздың анасы жасөспірім қызын сот-медициналық сараптамадан, өзге де биологиялық тексерістерден өткізуден түбегейлі бас тартып отыр. Жалпы медициналық тексерістен өткізуге қарсылық танытты», — деді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

«Мой ГОРОД» хабарлауынша, осыдан кейін жасөспірім қара түсті паранжы киіп, толығымен бетін жауып, отбасымен байланысты үзбек болған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде