jasqazaq.kz

Орал түрмесінде жаппай төбелес болды: колонияның 12 қызметкері жазаланды

19 мамыр 2022, 15:29

Оралда жазасын өтеушілердің жаппай төбелесінен кейін колонияның 12 қызметкері жазаланды, — деп хабарлайды mgorod.kz.

Портал мәліметінше, оқиға 10 мамырда таңғы сағат 5 шамасында РУ-170/2 орташа қауіпсіз қылмыстық-түзету жүйесі мекемесінде болған. Сотталғандар арасында жаппай төбелес шыққан, салдарынан 10 адам түрлі дәрежеде жарақат алған. БҚО ҚАЖД баспасөз қызметі өкілі төбелес кезінде сотталғандар қолда бар құралдарды пайдаланғанын, пышақтар мен қайрау таппағанын айтты.

Осы дерек бойынша қызметтік тергеу тағайындалып, қорытындысы бойынша мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

«1 адам қызметінен шеттетілді, 3 адам қызметін дұрыс атқармағаны үшін ескерту алды, 4 қызметкерге қатаң сөгіс жарияланды, 3 адам сөгіс алды және 1 адам ескерту алды», — деді БҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, полицейлер төбелеске қатысушыларға қатысты ҚР ҚК-нің 107-бабы «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Олар ұрлық, тонау және денсаулыққа зиян келтіру сияқты қылмыстар үшін жазасын өтеп жатыр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр