jasqazaq.kz

Орал тұрғыны үйін қолдан қару-жарақ жасайтын шеберханаға айналдырған

03 ақпан 2021, 10:49

Оралда токарь заңсыз жолмен атыс қаруын жасады деген күдікке ілінді.

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сенсек , өңір полицейлері заңсыз қару айналымы саласындағы қылмыстың жолын кескен. 28 қаңтарда жедел-іздестіру шаралары барысында сағат 13.00-де қару жасады деген күдікпен 1959 жылы туған Ф. есімді азамат ұсталған. Оның тұрғылықты жерін тінту барысында бірқатар жайт анықталған. Күдікті жатын бөлмесін қару-жарақты заңсыз жасайтын қолөнер шеберханасына айналдырған. Оның бірнеше рет атыс қаруын, олардың компоненттерін заңсыз өндірумен немесе жөндеумен, сондай-ақ оқ-дәріні заңсыз өндірумен айналысқаны анықталды. «Қазіргі уақытта қаруды, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен құрылғыларды заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру және қаруды заңсыз дайындау фактілері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі және 288-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» деп мәлім етті полиция.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде