jasqazaq.kz

Орал тұрғыны полицей күйеуін жазалауды сұрайды

17 мамыр 2020, 15:27

Орал қаласының тұрғыны жергілікті полицейлердің әрекетсіздігіне шағымданды. Ол күйеуінен зорлық-зомбылық көріп келді. Күйеуі Ж. әкімшілік полиция капитаны. Ішімдік ішуге бейім.

Бұл туралы «Не молчи» қорының парақшасында айтылды.

2019 жылдың қыркүйек айында Жексенов үйіне мас болып келіп, әйелін ұра бастайды. Ол әйелін шашынан сүйреп, ваннадағы суға тұншықтырмақ болды.

Бұл кезде суды жөндеу жұмыстары үшін өшіріп тастаған болатын. Суға тұншықтыра алмаған соң полицей әйелін жұдырықтап ұрып-соқты. Амалын тауып, сытылып шыққан әйел көршісінің үйіне жасырынып қалады.

Оның мұрны, бас-сүйегі сынған. Әйелдің басы жиі ауырып, ұйқысыздық мазалайды. Бұл сұмдықтың бәрін көрген 3 жасар қыз тырнағын тістелеп, етіне дейін жейтін әдет шығарған.

Орал қаласында әйелдің арызын қараған жоқ. Олар полиция қызметімен жақындасудың керегі жоқ деп ымдаған. Іс материалына сәйкес, әйел құлап қалып, денесін жарақаттады деп көрсетілген.

Әйел әділет іздеп, қоғам белсенділерінен істің объективті түрде тексерілуіне назар аударуын сұрайды. Әйелдің аты-жөні Әсел Ақанова.

stan.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық