jasqazaq.kz

Орал: Өгей әкесінің зорлағанын дәлелдеу үшін үнтаспаға жазуға мәжбүр болған

12 қазан 2021, 22:59

Оралда 17 жастағы қызды зорлады деген күдікпен өгей әкесіне іс қозғалды. Бойжеткен бірнеше жылдан бері қорлық көргенін ешкімге дәлелдей алмапты. Сондықтан сөзін растау үшін өгей әкесімен болған жыныстық қатынасты үнтаспаға жазып жариялаған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Полицияға қыздың анасы шағым түсірген. Бірақ тергеу жүріп жатқандықтан істі құпия ұстаған тәртіп сақшылары болған жағдайды баяндаудан бас тартты. Әйтсе де кәмелетке толмаған қызға сексуалдық зорлық жасалуы мүмкін деген күдікпен қылмыстық іс қозғалғанын жасырған жоқ. 17 жастағы жәбірленуші өзінің өгей әкесі соңғы бірнеше жыл бойы зорлап келгенін жайып салған. Айтуынша, болған жағдай жазылған үнтаспа дайын болғанша оған ешкім де сенбепті. «Қазір барлық жағдай жан-жақты тексеріліп жатыр»,-дейді тәртіп сақшылары.

Нұрлан Қожахметов, Орал қаласы ПБ бастығы орынбасарының міндетін атқарушы:

— Тергеу жүріп жатыр.Міндетті түрде кәмелетке толмаған қызға да, шағым түсірген адамға да сот-психиатрияалық сараптама тағайындалады. Тергеу ісі және сараптама қорытындысы әзір болған соң, қылмыстық іс бойынша шешім қабылданады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия