jasqazaq.kz

Орал қаласының тұрғыны 4 кг есірткімен ұсталды

21 ақпан 2020, 15:30

Орал қаласының тұрғыны аса ірі көлемдегі есірткімен ұсталды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 1970 жылғы тұрғынның мекенжайынан табылған есірткі сараптама қорытындысына сәйкес кептірілген марихуана болып шықты. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 4 келідей болды. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігіне сәйкес (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бап бойынша айыптыға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Сонымен қатар 1985 жылғы әйел есірткі затын өткізу сәтінде қолға түсті. Сараптама қорытындысына сәйкес бұл 0,1800 грамм синтетикалық есірткі болып шықты. Сондай-ақ полицейлер 1999 жылғы тұрғынды ұстады. Ол ер адамға 0,0170 грамм альфа-пирролидиновалерофенон есірткі затын сатқан. Бұл күдіктілерге ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігіне (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес айып тағылды. Оларға мүлкін тәркілеумен бірге 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия