jasqazaq.kz

Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі берілді

28 наурыз 2022, 11:20

Орал халықаралық әуежайына Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО тілдерді дамыту басқармасы мәлім еткеніндей, әуежайға М.Мәметованың есімін беру туралы ҚР Үкіметінің 18 наурыздағы қаулысы шықты. Қаулы шыққан күннен бастап күшіне енді. Мәншүк Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген. Әкесінің есімі – Жеңсігәлі (көптеген деректерде Жиенғали деп қате жазылып кеткен), анасы – Тойылша. Мәншүкті кішкентай кезінде Жеңсігәлінің немере інісі, белгілі Алаш қайраткері, қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі, ақын, ағартушы Ахмет Мәметов асырап алады. Анасы Әмина Сүлейменова да – қазақ оқығандарының бірі. 1938 жылы А.Мәметов «халық жауы» атанып ұсталып кеткеннен кейін Мәншүк әкесін қалайда ақтап аламын деп, майданға аттанған. Содан пулеметші қыз 1943 жылы 16 қазанда қаһармандықпен қаза тапқан. Оған 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Биыл Батыс Қазақстан облысында Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған іс-шаралар өтеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде