jasqazaq.kz

Опырылған балкон көліктің талқанын шығарды

15 сәуiр 2021, 10:52

Көкшетауда бес қабатты үйдің балконы опырылып түсті. Бетон қабырға гүрс етіп жерге түскенде маңайда ешкім болмапты. Тек дәл сол жерде тұрған бір автокөлік жапырылып, тағы екеуінің әйнегі шағылған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Оқыс оқиға түс ауа болған. Пәтер иесі 79 жастағы әжей сол уақытта үйде болмапты. Жоғарыдан опырылып кеткен бетон қабырға мен балкон қоршауы сол жерде тұрған көліктің дәл үстіне түсіп, жапырайтып тастаған. Апат орнына жедел жеткен құтқарушылар шашылған кірпіш пен бетонды жинап тастады. Бірақ қауіптің беті қайтқан жоқ. Себебі, 40 жыл бұрын салынған үйдің шатыры шұрық-тесік. Соңғы жылдары су өтіп, кірпіші үгітіле бастаған соң, тұрғындар әкімдікке барып көмек сұраған. Шенеуніктер бірнеше рет келіп қарағанымен, еш шара қолданбапты. Сондықтан жанын шүберекке түйген тұрғындар енді қабырғалары құлап кете ме деп қорқып отыр.

Алевтина Коновалова, Көкшетау қаласының тұрғыны:

— Қабырғасы құлап кететін шығар деп ойлағам. Қазір басқа бөлмеде ұйықтап жүрмін. Төбеден кірпіш құлап жатыр деп талай әкімдікке бардық. Көршілер бірнеше рет барып айтты. Тым болмаса жоғарыдан түскен кірпіштерді жинаған жоқ. Бұл үйде енді қалай тұрамыз?

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия