jasqazaq.kz

OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!

03 тамыз, 18:34

Мұнай экспорттайтын елдер ұйымының (OPEC) Бірлескен министрлер мониторингі комтитетінің 67-ші отырысы өтті. Бейнебайланыс арқылы ұйымдастырылған жиында алдағы қыркүйек айына арналған мұнай өндірісі квотасын тәулігіне 188 мың баррельге көбейту жөнінде шешім қабылданды. Бұған сәйкес, алдағы айда еліміздің квотасы 10 мың баррельге артып, 1,628 миллионға жетеді.
OPEC+ комитетінің құрамына Қазақстанға қоса, Сауд Арабиясы, Ресей, Ирақ, Кувейт, Нигерия, Алжир және Венесуэла сияқты мемлекеттер кіреді.
Айта кету керек, Шығанақтағы шырғалаңнан кейін Ормуз мұнай бұғазының жабылуы әлемдік базарда “қара алтынға” деген сұранысты күрт өсіріп, баға да шарықтап кетті.
“Қара алтын” өндірісі көлемін арттыру еліміз үшін, сөз жоқ, жағымды жаңалық. Енді Қазақ мұнайының елеулі бөлігін әлемдік нарыққа жеткізетін Каспий құбыр желісі (КҚК) дрон шабуылынан зардап шекпей, қауіпсіз әрі кідіріссіз жұмыс істейді деп тілейік.

Срайыл Смайыл

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті