jasqazaq.kz

Оңтүстіктен мұнай табылды

19 қараша 2019, 10:02


Қазақстанның оңтүстігінде боксит кенін іздеу кезінде Түркістан облысында мұнай табылды.

Бұл туралы  Tengrinews.kz  тілшісі Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Шоқпақ учаскесінде полеозой дəуіріндегі жыныстан, Үлкен Қаратау тауаралық ойысында алғаш рет таяу тереңдікте орналасқан мұнай білінген. «Іздеу-түсіру экспедициясы Үлкен Қаратау Леонтьев ойысындағы геофизикалық ауытқуларға боксит кені жəне онымен байланысты қорғасын, мырыш жəне сирек жерлерді табу үшін зерттеу жүргізді. Осы мақсатта 300 метрге дейінгі тереңдіктегі ұңғыма бұрғыланды. Бұрғыланған түрлі тереңдіктегі 39 ұңғыманың 11-інен қоңыр түсті түрлі реңктегі сұйық-тамшылы мұнай табылды. Сондай-ақ бұрғылау кезінде бұрғылау ерітіндісінде мұнай қабықшасының шығарылуы жəне осы бұрғылау ерітіндісінің газдануы байқалды», — дейді Экология министрлігінің өкілдері. Айтылған Шоқпақ учаскесінде мұнайдың білінуі Қазақстанның таулы жерінде алғаш рет байқалып отыр жəне Сырдария мен Шу-Сарысу ойысындағы мұнайгаздылықты болжауда маңызды мəнге ие. Бұдан бұрын Шу-Сарысу ойысында бірнеше ұсақ газ кен орны ашылған болатын. Оның едəуір танымалдары — Амангелді жəне Придорожный кен орны. Енді Сырдария жəне Шу-Сарысу ойысы мұнай іздеудің келешегіне жол ашады. Ведомство учаскелердегі барлау жəне бұрғылау жалғастырылатынын атап өтті.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда