
Қазгидромет 19-21 наурыз аралығына ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжауынша, еліміздегі алдағы үш күнгі ауа райы антициклонге байланысты болады.
«Еліміздің көптеген өңірінде жауын-шашын болмайды, тек түнде және таңертең көріну қашықтығы 500 метрден төмен болатын тұман түседі. Ал қиыр батыс және оңтүстік өңірлерде атмосфералық ағынның әсерінен жауын-шашын күтіледі. Оңтүстікте өткінші жауын жауып, найзайғай жарқылдайды», — делінген хабарламада. Ауа температурасы орташа көп жылдық мәнге жақын, алайда оңтүстікте 5…7° C жоғары болады.