jasqazaq.kz

Оңтүстік және Солтүстік Корея бітімге келді

27 сәуiр 2018, 17:44

Оңтүстік және Солтүстік Корея көшбасшыларының жұма күнгі тарихи саммитінің басты нәтижесі Корея түбегінің бірігуі мен бейбітшілік туралы бірлескен декларацияға қол қоюы болып отыр, деп хабарлайды Рёнхап.

Бірлескен Пханмунджом декларациясында Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин мен солтүстіккореялық көшбасшы Ким Чен Ын Корей түбегіндегі ядролық қарусыздану процесі — тараптардың ортақ мақсаты екенін атап өткен. Декларацияда Оңтүстік және Солтүстік Корея арасында жердегі, теңіздегі және әуедегі барлық жауласу әрекеттерінің тоқтатылатыны айтылған және демилитаризацияланған аймақты бейбітшілік аймағына айналдыру бастамасы көтерілген.

Тараптар Оңтүстік Корея, Солтүстік Корея және АҚШ арасындағы үш жақты келіссөздер жүргізуге күш салуға уағдаласты. Сонымен бірге, Қытай мемлекеті қосылатын келіссөздердің төртжақты форматы болуы мүмкін екендігі де ескерілді. Аталған келіссөздер мақсаты — Корей соғысының (1950-1953 жылдар) аяқталуы мен Корей түбегінде мызғымас бейбітшілік орнату. Декларацияның ең маңызды әрі ең әсерлі бөлімдерінің бірі Корей соғысында бір-бірінен көз жазып қалған туыстардың табысуы болып отыр. Оңтүстік және Солтүстік Кореяда тұрып келген туыстар бір-бірімен 15 тамыз күні кездеседі. Одан бөлек, Оңтүстік және Солтүстік Корея қорғаныс министрліктері арасында тұрақты келіссөздер жүргізіп тұруға уағдаласты. Декларацияға сәйкес, алғашқы кездесу мамыр айында өтеді. Сонымен бірге, қос мемлекет шекара маңындағы Кэсон қаласында бірлескен байланыс бекетін ашуды ұйғарды. Бұл бекет ынтымақтастық және гуманитарлық мәселелер бойынша жұмыс істемек. Екі елдің теміржолдарын жалғау бойынша да нақты қадамдар жасалады.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде