jasqazaq.kz

Оңтүстік Кореяның шекара бекетіне КХДР оқ жаудырды

03 мамыр 2020, 11:04

Оңтүстік Кореядағы қарусыздандырылған шекара постына КХДР оқ жаудырды. Бұл туралы Ренхап агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. Ренхаптың бұл ақпаратын штаб басшылары комитеті растады.

Оңтүстік Корея КХДР-ге ескерту жасап, жауап ретінде оқ атуға мәжбүр болды.

Комитет мәліметі бойынша, КХДР жергілікті уақытпен 7:41 шамасында Чхорвон шекара қаласы маңында оқ атқан.

Оңтүстік Корея зардап шеккендер мен зақымдалған объектілер туралы хабарлаған жоқ.

Оқиғадан кейін Оңтүстік Корея әскерилері радио арқылы ескерту жіберіп, екі рет жауап ретінде қарсы оқ жаудырғанын растады.

«Біз оқиғаның анық-қанығын біліп, осындай жайтты енді болдырмас үшін кореяаралық байланысты іске қосып жатырмыз. Сонымен қатар, дайын отырмыз», — деп мәлімдеді комитет өкілі.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі