jasqazaq.kz

Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұрғызамын деп алматылықтардан 2 млн теңге алған ер адам ұсталды 

29 шiлде 2022, 11:11

«Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұрғызамын» деп алматылықтарды 2 млн теңгеге алдап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Екі және одан да көп адамға қатысты алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін бірнеше рет ұрлау – 27 жастағы Ц. есімді азаматтың іс-әрекеті осындай баппен квалификацияланған.

«Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алаяқтық бойынша 2 дерек тіркелді. Олар бір өндіріске біріктірілген. Күдікті интернет-ресурс арқылы адамдарды алдаған. Ол Оңтүстік Кореяға жұмысқа орналасуға және жұмыс визасын алуға көмектесу туралы жалған хабарландырулар орналастырған. Ақшаны алғаннан кейін ер адам жасырынып қалған. ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігінің 3-4 тармақтарына сәйкес қылмыс жасады деген күдік бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ц. есімді азамат ұсталды.

Ол қамауға алынды», – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов. Тергеу қажеттігін ескере отырып, полиция Ц. есімді азаматтың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға жүгінеді және олардан мына телефондар арқылы хабарласуларын сұрайды: +7-778-879-78-88; + 7-702-401-11-10.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде