jasqazaq.kz

Оңтүстік Кореядан гуманитарлық көмек келді

07 мамыр 2020, 18:04

Оңтүстік Корея COVID 19 қарсы күресіп жатқан Қазақстанға кезекті гуманитарлық көмегін жіберді.

Бүгін «Санитарлық эпидемиологиялық экспертиза мен мониторинг» ғылыми орталығының Алматы қалалық бөлімшесіне 40 қорап қорғаныс костюмдері берілді. Алматыдағы ҚР СІМ өкілдігінің жетекшісі Ерлан Ысқақовтың айтуынша, бұл жүкті кореялық компаниялар Сеулден ұйымдастырып жіберген.

«ҚР СІМ Кореядағы Қазақстан елшілігі арқылы кореялық компаниялар консорциумы атынан гуманитарлық көмек ұйымдастырды. Бұл консорциумға SK Engineering & Construction, Рахат/LOTTE АҚ, JSC Shinhan Bank Kazakhstan кіреді. Бұл Кореядан жеткен бірінші жүк емес. Бұған дейін Medical Partners Korea Qazaqstan қаладағы медициналық мекемелерге ПТР тестілер жеткізген болатын», — деді Ерлан Ысқақов.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Корея тарапына алғыс білдірді. «Біз Кореялық әріптестерімізбен біріге отырып қалада озық технологиямен жабдықталған ПТР зертхана аштық. COVID 19 диагностикалауда бұл зертхана көп жұмыс атқарып жатыр. Осындай тестілерді қазір ЖИТС орталығына жіберіп жатырмыз», — деді Бекшин.

Оның айтуынша, қалада ПТР тестілер жеткілікті. Қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Тілеухан Әбілдаев осындай індет кезінде әрбір көмектің маңызы арта түсетінін айтты.

«Қазір Қазақстан мен Алматыда эпидемиологиялық және емдеу профилактикалық шаралар белсенді қолға алынып жатыр. Соның арқасында коронавирус инфекциясын тұрақтандыру мүмкін болып отыр. Жедел штабпен бірге жүргізілген жұмыстардың арқасында инфекцияны жеңуге болатынына сенімдімін», — деді Т.Әбілдаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде