jasqazaq.kz

Оңтүстік Кореяда тағы 256 адам коронавирус жұқтырды

28 ақпан 2020, 10:29

Жұма күні Оңтүстік Корея тағы 256 адамның коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Осылайша елде дертке шалдыққандардың саны 2 022-ге жетті.Бұл туралы Yonhap-қа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ел билігі тұрғындарды жаппай тексерістен өткізу арқылы қауіпті вирустың таралуына қарсы күресіп жатыр.

Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяда Қытайда пайда болған вирустан 13 адам өмірден өтті.

Расталған жағдайлардың жартысынан көбі оңтүстік-шығыстағы Тэгу қаласындағы діни сектаға барғандар.

256 оқиғаның 182-і Сеулден оңтүстік шығысқа қарай 300 шақырым жерде орналасқан Тэгу қаласында, ал 49-ы көршілес Солтүстік Кенсанда тіркелген.

Басқа да ірі провинциялар мен қалалар бірнеше індет жұқтырған адам туралы хабарлады. Ел астанасы Сеулде алты адам вирус жұқтырды, делінген Корей ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (KCDC) мәлімдемесінде.

Жексенбі күні вирусты ескерту дәрежесі ең жоғарғы — «қызылға» көтерілгеннен кейін денсаулық сақтау органдары вирустың Оңтүстік Кореядағы ошағы – Тэгу мен Солтүстік Кенсан провинциясында таралуын тоқтатуға тырысып жатыр.

Сарапшылардың айтуынша, жақын күндері вирус жұқтырғандар саны артады. Себебі денсаулық сақтау органдары «Синчхонджи Иисус шіркеуі» діни сектасының 210 мыңнан астам мүшесін тексеруді жоспарлап отыр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия