jasqazaq.kz

Оңтүстік Кореяда омикрон XL штамын жұқтырған алғашқы науқас тіркелді

12 сәуiр 2022, 21:23

Оңтүстік Корея билігі коронавирустың омикрон XL штамын жұқтырудың бірінші дерегі тіркелгенін растады. Бұл туралы елдің жұқпалы аурулармен күрес жөніндегі штабы мәлім етті. Бұл туралы «Ренхап» агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

XL гибридті штамын жұқтырған науқас 23 наурызда қайта егілген. Одан аурудың белгілері қатты байқалмайды.

Корея ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, елде COVID-19 инфекциясын 210 755 адам жаңадан жұқтырған. Науқастар саны 15 635 274 адамға жетіп отыр.

Елдің қоғамдық денсаулық сақтау агенттігінің хабарлауынша, 171 науқас қайтыс болған.

Ал, бұған дейін Үндістанда омикрон XE коронавирусының жаңа түрі тіркелген болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде